Елде ипотекалық бағдарламалардың мерзімі қайта ұзаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде ипотекалық бағдарламалардың мерзімі қайта ұзаруы мүмкін

13.04.2022

Елде ипотекалық бағдарламалардың мерзімі қайта ұзаруы мүмкін. Бұған дейін оларды биыл аяқтау жоспарланған еді. Алайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «7-20-25» пен «Баспана хитке» халықтың да, құрылыс компанияларының сұранысы жоғары екенін айтты. Ол қазір осы мәселе талқыланып жатқанын жеткізді. Еске салайық, «Баспана хит» бастапқы жарнасы 20%, несиені 15 жылға дейін беретін бағдарлама. Ал «7-20-25» арқылы тұрғындар 25 жылға дейін ипотекалық кредит рәсімдей алады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу