Ақтөбе облысында үш елдімекенге қатынас жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында үш елдімекенге қатынас жоқ

13.04.2022

Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен үш ауылға бір аптадан бері қатынас жоқ. Бұл шағын елді мекендерде 700-ге жуық тұрғын бар.

Жарық, Қоғалы және Көкүй ауылдары Қобда ауданында орналасқан. Жол қатынасы тек Үлкен қобда өзеніндегі су деңгейі қайтқаннан кейін ғана қалпына келеді. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, елді мекендерде азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткілікті. Су жағасына кезекшілік ұйымдастырылған. Тұрғындарға қажетті заттар қайықпен жеткізіліп жатыр. (( ))

Әлішер Сарыбаев, ТЖД басқармасының бас маманы:
Қобда өзенінің көтерілуіне байланысты автокөлік жолдарының үстінен ағын судың өту фактілері тіркелді. Қазіргі таңда Қобда өзенінде су деңгейі төмендеуде. Қауіп жоқ. Жақын күндері автокөлік түрлеріне жол ашылады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу