Маңғыстау облысында қатты жел тұрып, шаңды дауыл көтерілді.
Желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге дейін жеткен. Шаң аралас жел әсіресе Бейнеу ауданы тұрғындарын әбігерге салды. Сондай-ақ жолда жүру қиындады. Осыған орай полицейлер көлік жүргізушілерге жолда абай болуды ескертті.
Ерлан Сәлиев, патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы:
Бейнеу-Сайөтес, Бейнеу-Боранқұл, Бейнеу-Тәжен республикалық маңыздағы жолдарда ауа райының күрт өзгеріп, шаңды дауылдардың көтерілуіне байланысты шектеулер, жылдамдықты асырмауға, ара қашықтықты сақтау отырып, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауыңызды сұраймыз.
Аягөз Оралбайқызы