Мұны тұрғындар да растады. Куәгерлердің айтуларынша, бір мезетте төңіректі тұман секілді ақ түтек басып, күйіктің исі шыққан. Осы өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы жағдайды скайп арқылы тікелей эфирде баяндауға әзір.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Тұрғындар жағымсыз иісті түнде сезген. Иістің қатты болғаны сонша, кейбірінің демалуы қиындап, қысылған. Біз тілдескен біраз адам солай деді.Экологтар да мұны растады. Ресми мәлімет бойынша кеше түнгі 2-лер шамасында Ақтауға солтүстік-батыс жақтан яғни, (болжам бойынша Каспий теңізі жағынан күйіктің иісі келген. Осы кезде, «Қазгидрометтің» мәліметінше, екі бірдей станцияда ауаның құрамында күкіртсутектің шамадан тыс асқаны анықталды. Бүгін таңертең экология департаментінің мамандары Ақтауда және жақын маңдағы ауылдарда ауадан сынама алды. Нәтижесін алдағы уақытта жариялаймыз деп отыр. Дегенмен, бүгін жағдай қалыпты, жағымсыз иіс байқалмайды.