Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктердің саны былтырмен салыстырғанда 14 есе көбейді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алған. Ал биыл небәрі үш айдың өзінде 12 840 ресейлікке сәйкестендіру нөмірі берілген. Елімізде тіркелген ресейліктер саны әсіресе наурызда күрт көбейген. 11 мың адам. Былтырдың осы кезімен салыстырғанда 14 есе көп. Шетелдіктерге Қазақстан ЖСН-і банктен шот ашқанда, жұмысқа тұрып, автокөлік сатып алатын болса қажет.
Досжан Маратұлы