Алматы облысында мешіттерді торуылдап, ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Полицияның хабарлауынша, күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденген. Ақпан айының соңынан бері бірнеше мешіт жамағаты заттарының қолды болғанын айтып, тәртіп сақшыларына шағымданған.
Күдіктінің әрекеті бірнеше бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қамауға алынған азамат намаз уақытын пайдаланып, келушілердің ақшасын, ұялы телефонын және бағалы заттарын жымқырып келген. Сондай-ақ, мешіт сыртында тұрған көліктердің де терезесін сындырып, ішіндегі заттарын қолды еткен.
Әбілтай Әбенов, облыстық ПД ресми өкілі:
Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ұсталған азаматтың облыстағы осыған ұқсас басқа да ұрлық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Күдікті қамауға алынып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.