Өскемен қаласындағы жасанды су қоймалардың бірінде балық қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласындағы жасанды су қоймалардың бірінде балық қырылып қалды

12.04.2022

Өскемен қаласының іргесіндегі жасанды су қоймалардың бірінде балық қырылып қалды. Тоғандағы су толық еріген соң ұсақ шабақтар жағада жайрап қалған. Енді сол маңдағы Ушанов ауылының тұрғындары тоғаннан су ішкен малға зияны тие ме, деп алаңдап отыр. Экологтар мен балық шаруашылығының мамандары ол жерге барып, шамамен 40 келідей қырылған шабақты жинап алды. Ал мамандар тоғандағы судан сынама алып, сараптамаға жіберді. Осыдан 2 жыл бұрын да көктемде осы тоғанның балығы қырылып қалған. Ол кезде ауа жетпегеннен өлгені анықталған болатын.

Бауыржан Әубәкіров, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Алтай филиалының директоры:
Сол жерден мамандар суды алды. Анализ жасау үшін.Балық неден қырылғанын, артынан айтатын боламыз. Негізі болжам бойынша, судың деңгейі түсіп кетті де, 2-3 метр қыста өте суық болғандықтан, су толық қатып қалады. Содан кейін балықтар ауа жетпегеннен кейін қырылып қалады деп, болжам жасап отырмыз.

Олжас Керей

Хабарламаларға жазылу