Еліміздің 8 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 8 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енді

22.07.2014
Еліміздің 8 тарихи нысаны  ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енді

Еліміздің 8 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның  Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.

Атап айтсақ,  Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақыртөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек. Бұл көне қалалар енді халықаралық ұйымның қорғауында болып, терең зерттеледі.

Бұл туралы ЮНЕСКО істері ұлттық комиссияларының бірінші өңіраралық жиынында айтылды.  

Осы уақытқа дейін ЮНЕСКО мұраларына 3 тарихи ескерткіш енсе, енді олардың саны 11-ге жетті. Жиын барысында Иманғали Тасмағамбетов «Жібек жолы» төсбелгісімен марапатталды.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

Алдымен ЮНЕСКО басшылығына маған ұсынған мәртебелі марапаты үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Тек менің ғана емес, осы мүдде жолында тізе қосып, еңбек еткен барша әріптестеріме ортақ абырой. Бұл  - еліміз бен ЮНЕСКО ұйымы арасындағы сан жылғы жүйелі жұмыс пен нәтижелі әріптестіктің көрсеткіші. Осы жылдар аралығында біз ұсынған барлық бастамалар мен жобалар ЮНЕСКО тарпынан қолдау мен қорғауға ие болды.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу