Шет елге босқын ретінде қашуға мәжбүр болған украиналықтардың саны 4,5 млн-ға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шет елге босқын ретінде қашуға мәжбүр болған украиналықтардың саны 4,5 млн-ға жуықтады

11.04.2022

Украина азаматтары лайнерге орналастырылды

Шет елге босқын ретінде қашуға мәжбүр болған украиналықтардың саны 4,5 млн-ға жуықтады. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы мәлімдеді. Босқындарды негізінен Еуропа елдері қабылдап жатыр. Енді ондағы туризм индустриясы да атсалысуда. Мәселен, Роттердамдағы алып лайнер мол қаражаттан қағылса да, өз кемесін уақытша украиналық босқындарға берген. Аида Әбіл Голландиядан байланысқа шығып тұр. Аида сөз кезегі өзіңізде!

Аида Әбіл, тілші:

Кеш жарық Шерхан! Нидерланды корольдігі 50 мың украиналық босқынды қабылдай алатынын мәлімдеген еді. Бүгінгі күнге дейін 17 мың азамат осы елде ресми тіркеліп үлгерді. Билікпен бірге "қызыл крест" халықаралық ұйымы босқындарды Амстердам және Роттердам қаласында қабылдап жатыр. Роттердам қаласы әлемді тіпті таңқалдырды. 10 палубалы круиздік кемеге 100-ге жуық украиналық босқын орналастырылды. Volendam компаниясының 237 метрлік сұлу кемесі әлі де 1500 украиналықты қабылдауға қауқарлы екенін мәлімдеді. Атап өту керек, әдетте, туристер үшін осындай круизді кемеге билет адам басына 2400 долларды құрайды.

Аида, осы елдің королі украиналықтарды өзінің 15 ғасырда салынған қамалында қабылдауға дайындалып жатқаны рас па? Ресми ақпарат қандай?

Иә, рас, ол қамал Амстердам қаласынан шамамен 70 шақырым жердегі Апелдорн қаласында орналасқан. Нидерланды королі Виллем-Александр украиналық босқындарды сарайында қабылдайтынын ресми мәлімдеді. Қазір ғимаратта әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәуірдің ортасында пайдалануға берілмекші. Осы туралы корольдің арнайы жарлығы да бар. Шерхан әзірге мендегі ақпарат осы. 

Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу