Елімізде доллар тапшылығы жойылып, оған сұраныс азайған. Бүгін Ұлттық банк төрағасының орынбасары қаржы нарығын тұрақтандыруға қатысты мәлімдеме жасады. Айтуынша наурызда екінші деңгейлі банктерге 500 миллион доллар мен 80 миллион еуро сатылған. Қазір шетел валютасы жеткілікті. Тіпті керісінше сұраныс азайып келеді дейді Әлия Молдабекова. Өйткені теңге нығайып келеді. Өткен айда 990 миллион долларға интервенция жасалған. Әрі Ұлттық қордан бюджетке жасалған трансферттер де Ұлттық валютамыздың бағамына оң әсер етіп отыр.
Досжан Маратұлы