Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасына қатысты болжамын нашарлатып тастады. Зерттеу нәтижесіне сай, оның өсімі биыл баяуламақ. Бұған дейін халықаралық қаржы ұйымы еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,7 пайызға өсетінін болжаған еді. Енді оны 1,8 процентке дейін азайтып отыр. Ал инфляция 10,5 пайызға дейін шарықтап, келер жылы 7,2 пайызға дейін түседі делінген. Әрі тек Қазақстан ғана емес, Ресеймен экономикалық тығыз байланыстағы өзге де елдердің экономикасы зардап шегетіні айтылып отыр. Оның үстіне инфляциялық қысым мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуі де экономикалық дамуды тежейді делінген болжамда.
Досжан Маратұлы