Респонденттердің 70% астамы Президенттің жұмысына оң баға берген. Мұны Орталық коммуникациялар қызметі әлеуметтік сауалнама жүргізу кезінде анықтаған. Азаматтардың 42% «Президент ең алдымен халықтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге назар аударуы керек» деп есептейді. Ал сауалнамаға қатысқандардың 41% жалақы, зейнетақы және жәрдемақы деңгейін көтеру мәселесі алаңдатады. Төрттен бір бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көбірек көңіл бөлгенін қалайды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 35% дауыс берген. Әлеуметтік зерттеу наурызда жүргізілді. Оған 18-50 жас аралығындағы 1 800-ден аса адам қатысқан.
Ақерке Бектас