Украина армиясы Донбассты қорғауға ондаған мың сарбаз жөнелткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина армиясы Донбассты қорғауға ондаған мың сарбаз жөнелткен

11.04.2022

Украина мен Ресей армиялары Донбасста шешуші шайқасқа әзірленіп жатыр. «Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, бұл ұрыс бірнеше күннің ішінде басталуы мүмкін.

Бірқатар бақылаушылардың пікірінше, Киевті ала алмаған ресейлік жауынгерлер мен офицерлер қажыған және рухы төмендеген. Сондықтан олардың Украинаның шығысын алуға шамасы жете ме деген сауалға жауап жоқ.

Британ қорғаныс министрлігінің дерегінше, Мәскеу Украинаның солтүстігінде жоғалтқан адамдарының орнын толтыру үшін 2012 жылы әскерден босатылған азаматтарын сапқа қайта тұрғызып жатыр. Ал, Украина армиясы болса, Донбассты қорғауға ондаған мың сарбаз жөнелткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу