Қарағандыда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды. Полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде пакетке салынған шақалақтың мәйітін тауып алғанын айтқан. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ және оның ер бала екені анықталған. Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру жүргізілуде. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 100-і бабы, яғни «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» күдігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы