Мәжіліс депуттары Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймасына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депуттары Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймасына барды

09.04.2022

Болашақта суды пайдалануда және қамтамасыз етуде үлкен проблема туындауы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларын аралаған Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері осылай деді. Ерлан Саиров, Еділ Жаңбыршин және Зарина Камаcова Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы жағдайды көзбен көрді. Прогресс, Предгорное ауылындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады. Одан әрі Риддер, Алтай, Катон-Қарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай ауданын аралап, ауыл тұрғындарымен кездеседі. 

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:
Су мәселесі бүгінгі таңда Қазақстан үшін өте өзекті. Болашақта суды пайдалану, сумен қамтамасыз ету бойынша өте бір үлкен өзекті проблемалар пайда болуы мүмкін. Міне, біз осы мәселені қарастырамыз. Үкіметтік органдарға судың проблемасы болмас үшін не істеу керек, қандай қадамдар жасау керек, соны Үкіметпен бірге әрі қарай бірлесіп, нақты шешімдер қабылдаймыз.

Қонысбек Терекұлы

Хабарламаларға жазылу