Бүгін бокс жанкүйерлері үшін ерекше күн.Әлемнің үздік былғары қолғап шеберін анықтайтын бәсекені жұртшылық асыға күтті. Әрі әлемдік аренада ел намысын қорғап, жеңіс туын желбіретіп жүрген жерлесіміз үшін «тақым қысып», теледидар алдында тыпжылмай отырғандар бар.
Төрткүл дүние дүрліге күткен бәсекені Қазақстандықтар өткізіп алмауға тырысты. Тойдың болғанынан боладысы қызық деген Ұлжан Шораева құрбылары мен көршілерін бірге жанкүйер болуға шақырған. Спортқа жаны құмар балалар да қос боксшының әр қимылын аңдып отыр.
Ұлжан Шораева, қала тұрғыны:Қазір көршілерім, құрбыларым болып күндіз болғанның арқасында рухымызды біріктіріп, тілеулес болып отырмыз. Сондықтан сәттілік. Генадийдың жеңісіне бірге қуанамыз деп ойлаймын.
Жұртшылық жекпе-жекті Қазақстан және қазспорт телеарнасынан тікелей тамашалады. Генадий Головкин әдеттегідей еліміздің көк байрағын көтеріп, зерлі шапанын жамылып шыққан.
Кездесу қортындысы жайында әр-түрлі болжамдар айтылған. Алайда, Генадийдің соңғы соққылары Муратаны мұрттай ұшырды.
Ұлжан Шораева, қала тұрғыны:Мінекей біз Генадийдің жеңісіне куә болып отырмыз. Қандай мақтаныш, Марқайып отырмыз. Осындай жеңісті сәттеріміз көп болсын. Қазақтың осындай батыр азаматтары еліміздің абыройын асқақтата берсін.Кездесу 9 раунқа созылды. Осылайша елдің үкілеген үміті ақталып, жеңіс туы көтерілді.
Кездесу 9 раунқа созылды. Осылайша елдің үкілеген үміті ақталып, жеңіс туы көтерілді.
Сәбит Әлдебай