Ертең ұлттық арнада «big drama show» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең ұлттық арнада «big drama show» өтеді

08.04.2022

Ертең ұлттық арнада «big drama show». Әлем назары Жапонияның Сайтама қаласындағы шаршы алаңға аумақ. Бокс жанкүйерлері жерлесіміз Генадий Головкин мен Риота Муратаның жекпе-жегін тамашалайды. Күн шығыс елінде өтетін бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Генадий Головкин мен Риота Мурата бүгін салмақ өлшеді. Екі боксшының салмағы шамалас. Бүгін 40-қа толған жерлесіміз әлі бабында. Ертең ел үмітін ақтайды дегенге сенім мол.

Серік Сәпиев, бокстан олимпиада чемпионы:

Мен өзім Жапония боксшысын жақсы білемін. Себебі ол Лондон Олимпиадасында алтын алған. Жақсы боксшы. Жапония боксшысының мықты тәсілі – ол төзімділік, болды. Қалған техника, тактиканың бәрі Головкинде жоғары. Головкин ұтады деп сенімдімін.

Ертеңгі жекпе-жек өткен жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс болған. Бірақ, коронавирус панедемиясына байланысты кейінге қалдырылған. Спорт сүйер қауым бұл кездесу нағыз биг драма шоу болады деп отыр.

Олжас Байбосынов, спорт комментаторы:

Головкиннің рингке шықпағалы 1,5 жылдай болды. Қарсыласы да 2,5 жылдай ринке шыққан жоқ. Ұзақ үзіліс мүмкін әсер ететін шығар екі боксшыға да. Жапонияда өтіп жатқандықтан жекпе-жек, Головкин айқын басымдықпен жеңбесе, мүмкін төрешілер бүйрегі жапон боксшысына бұрылып кетуі мүмкін. Сондықтан, Головкин мерзімінен бұрын аяқтайды деп сенеміз.

Жапонияның Сайтама қаласындағы бокс кеші Қазақстан уақыты бойынша 15.00-де басталады. Головкин мен Муратаның жекпе-жегі 12 раундтан тұрады. Қос былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем титулдары мен WBA Super белбеуін сарапқа салады. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, qazaqstantv және qazsporttv сайты мен мобильді қосымша арқылы көруге болады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу