Алматыда 162 адам ақшасын қайтара алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 162 адам ақшасын қайтара алмай жүр

08.04.2022

Алматыда миллиардаған қаржысынан қағылған 162 адам қылмыстық істің Ішкі істер министрлігіне немесе Бас прокуратураға берілуін талап етіп отыр. Миллиондап ақша салып, қаржы пирамидасынының құрығына ілінгендер бүгін қалалық полиция департаментіне жиналды. Олар қылмыстық іске қатысы бар өзге де тұлғалардың қамауға алынып, қаржыларының қайтарылуын сұрайды. Сотқа дейінгі тергеуде 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта жүздеген адаммен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін талап етілген қаражатты тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы келісім шарттар жасалған. Екі жақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға салған салым сомасының 20%-ын төлеуге міндеттелген. Алайда 1 жылдан бері пайдасынан бұрын азаматтар өз ақшаларын қайтара алмай отыр. Қазір бұл іске қатысты 11 күдікті анықталып, 2-еуі қамауға алынды. Ал тағы екі адам үйқамақта отыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

Қазір тергеу әлі біткен жоқ. Алдын-ала айта кетейін: тағы бірнеше адам ұсталады істің тергелуі біткенше. Өздерінің ақшаларын, құйған қаржыларын қайтарып алу мәселесін жәбір көрген азаматтар міндетті түрде сот процесі болған кезде сол мәселені шешуі тиіс.

Жазира Ораз

Хабарламаларға жазылу