Жыл басынан бері 800-ден астам адамның атына өзге біреулер несие рәсімдеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 800-ден астам адамның атына өзге біреулер несие рәсімдеген

08.04.2022

Елімізде қаржы алаяқтарына алданатындар азаймай тұр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша жыл басынан бері 800-ден астам адамның атына өзге біреулер несие рәсімдеген. Интернет алаяқтық дерегі көбіне Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тіркеледі дейді. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда өзгенің атынан несие рәсімдеу саны екі еседей азайған. Десе де министрлік жеке мәліметтерге мұқият болуды сұрап отыр. Өйткені банк қызметкері ретінде хабарласып, телефонға келген кодты сұрайтындар айласып асырып кетуі мүмкін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу