Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда 11 теңгеге нығайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда 11 теңгеге нығайды

08.04.2022

Америка валютасы тағы арзандай түсті. Бүгін қор биржасындағы саудада Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда 11 теңгеге нығайды. Қазір доллар 446, еуро 523, рубль - 5 теңге 60 тиын. Ал мұнай арзандай бастады. Қазір бренттің баррелі 99, WTI 95 доллардан сатылып жатыр. Бұған дейін Еуро одақ Ресейдің энерго ресурстарына қосымша санкция саламыз деген еді. Алайда бұл ойынан айнып қалса керек. Әзірге санкция салмайтын болды. Бұл қара алтын құнын түсіріп жіберді.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу