Елімізде баспана тағы қымбаттай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баспана тағы қымбаттай түсті

08.04.2022

Баспана тағы қымбаттай түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше баға бір айда айтарлықтай көтерілген. Әсіресе жаңа үйлердің бағасына тоқтам болмай тұр. Шаршы метрінің орташа құны 410 мың теңгеге жетті. Яғни бір айда 5,5; ал бір жылда 20 пайыздай шарықтап отыр. Ал қолданыста болған үйлердің бағасы ақпанда 4,6 пайызға көтерілген. Жылдық өсім 27,7 процент. Бұған дейін жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары доллармен бірге баспана бағасы да қымбаттайтынын айтқан еді. Өйткені импорттық құрылыс материалдарының үлесі басым. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу