Дәурен Абаев Қарағандыға жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев Қарағандыға жұмыс сапарымен барды

08.04.2022

Ұлттық құраманың штаттық саны артады. Бұл спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайын ақшалай қаражат алып, халықаралық жарыстарға шығуға мүмкіндік береді. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Қарағанды өңіріне жасаған көшпелі мәжілісінде осы мәселе сөз болды. Министр бірқатар спорт нысандарын аралап, қазіргі спортқа негізінен 3 бағыт бойынша өзгерістер керек екенін айтты. Олар: бұқаралық спорт және балалар спорты, спорттық инфрақұрылым және жоғары жетістіктерге қол жеткізетін спорт. Бұл үшін министрлік тарапынан бірқатар жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазір алдағы Олимпиада ойындарына дайындық басталып кеткен. Сондықтан спорттың әр бағытындағы ұлттық құраманы білікті мамандар және бапкерлермен жасақтау мәселесі бірінші орынға қойылған.

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:
Көпшіліктің назарын жиі аударатын мәселенің бірі – допинг. Мысалы, 2021 жылғы жазғы Олимпиада түрлдерінен 2 318 тест өткізілді, 8 спорт түрі бойынша 18 оң нәтиже шықты. Өкінішке қарай, бұл спорттық медицина орталығының кемшілігі болып табылады.

Қарағандыға жұмыс сапары барысында Дәурен Абаев азаматтарды қабылдап, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Қаракөз» спектаклін тамашалады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу