Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне көпшіліктің көзқарасы оң. Жүргізілген сауалнамаға 70% респонденттер осылай жауап берген. Мемлекет басшысы басымдық беруі тиіс проблемаларды атады.
Азаматтар алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажет деп санайды. Одан кейін жалақы, зейнетақы, жәрдемақының өсуін айтқан. Қауіпсіздік те маңызды тізімге ілігіпті. Сыбайлас жемқорлық мәселесіне көпшілік алаңдаулы. Сондай-ақ сауалнамаға жауап берген топ Президент қызметіне қатысты ойларын білдірген. Тұрғындар әсіресе, мемлекет қауіпсіздігі, әлеуметтік әділдік, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, әр отбасының әл-ауқаты, қоғамдық достық пен келісім секілді маңызды салаларды ерекше атаған.
Әсима Нұрбай