Алматыда баланың сау көзіне операция жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда баланың сау көзіне операция жасалған

08.04.2022

Алматыда баланың сау көзіне операция жасады деп айыпталған аурханаға қатысты тергеу басталды.

Естеріңізге салсақ, кеше 4 жастағы бүлдіршіннің анасы Айдын Тоқсанбаева бейнежазба таратты. Оның сөзінше, дәрігер шатасып, операцияны баланың оң көзіне емес сол көзіне жасаған. Ал аурухана өкілдері хирург қателескен жоқ. Тек ақау екінші көзінен анықталған соң, осындай шешім шыққан деп отыр. Енді болған жайттың ақ-қарасын полиция анықтайды. Іс сот-медициналық сараптамаға жіберілді.


Хабарламаларға жазылу