Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары ұсталды. Оған «бюджет қаржысын талан-таражға салды» деген айып тағылып отыр. Қанша көлемде, кімдермен сыбайлас болғаны әзірге жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан бірлескен жедел тергеу тобы құрылған. Істі солар жүргізіп жатыр. «Жоғары лауазымдағы офицердің қамалуы да жемқорлыққа қарсы 2 ведомствоның ымыраласа жұмыс істеуінің нәтижесі», – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бюджет қаржысын талан-таражға салды: Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/155676/)