Көлікті мас күйінде жүргізген жүргізуші полицейлерден қашып кетпек болды. Артынан қуған полицейлер көшеде жылдамдықты асырып, жүйткіген көлікке оқ атуға тура келді. Ведомствоның хабарлауынша, 21 жастағы жүргізуші ұсталды. Қызметтік қарудан зардап шеккен жоқ. Тәртіп бұзушыға қатысты бірден 19 әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, көлігі айып тұрағына қойылған.
Раушан Сайлай