Қостанай облысында жол-техникалық полициясы 6 мың шақырымнан астам жолдың сапасын тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жол-техникалық полициясы 6 мың шақырымнан астам жолдың сапасын тексерді

08.04.2022

Қостанай облысында жол-техникалық полициясы үш айда 6 мың шақырымнан астам жолдың сапасын тексерген. Онымен қоса талапқа сай жабдықталуы, белгілер мен бағдаршамдардың орнатылуы да електен өтеді. Сондықтан бұл іс-шараға төтенше жағдай, коммуналдық сала мамандары да тартылған. Әсіресе қозғалыс қауіптілігі артатын көктемгі су тасқыны кезінде бақылауды күшейту аса маңызды. Тексеру қортындысына сәйкес, жауапты органдарға анықталған кемшіліктерді жою туралы 800-ден астам ұйғарым берілген. Ал талаптарды өрескел бұзған лауазымды тұлғаларға қомақты айппұл салынды.

Тобылжан Кәдірбаев, ПД жол-техникалық полициясының аға инспекторы:
ҚР ӘК-нің 631-ші бабы 1-ші бөліміне сәйкес, хаттама толтырамыз. 3 айда 68 хаттама толтырылды. Сол бойынша салынған айыппұл 2 млн теңгеден асты.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу