Өскеменде 10 жыл бұрын салынған мектеп жабылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 10 жыл бұрын салынған мектеп жабылып қалды

07.04.2022

Өскемендегі Абай атындағы мектеп жабылып қалды. Қазір білім ошағындағы 800-ге жуық оқушының жартысы басқа мектепке ауыстырылса, енді бір бөлігі онлайн оқуға көшкен. Бірақ ата-аналардың қашықтан өткізіліп жатқан сабаққа көңілі толмайды.

Ақырындап отырған еден енді опырылып жатыр. Салынғанына он жыл ғана болған мектеп ғимаратында алғашқы ақау өткен жылы шыққан. Күзде қар аралас жаңбыр жауғанда төбеден су тамшылап, іргесі іри бастаған. Ал мектептің су,кәріз жүйесі үш ғимарттың астында жатыр.

Есімхан Әкітбаев, Абай атындағы №33 мектеп директоры:

Бұл мектепте жертөле жүйесі жоқ. Су құбырлары бәрі көрінбейді. Жердің астында еденнің астында . Сондықтан бірден байқау да қиын негізі. Яғни топырақ отырған. Еденнің отырғаны.

Олжас Керейхан, тілші:

Мектептің асхана бөлігі апатты деп танылған. Бастапқыда қабырғаға жай ғана сызық түссе, қазір кей жердегі жарықтар 3 сантиметрге дейін жетеді. Ал қабырғаның қаншалықты жарылғанын білу үшін мамандар мынадай қағаз жапсырып қойған.

Күн жылығалы қабырғадағы жырық ұлғая түскен. Сондықтан төртінші тоқсан басталған соң ауылдағы 800-ден аса оқушының жартысын басқа мектепке бөлсе, орта сыныптағылар онлайн оқып жатыр.

Ержанат Қонай, Шығыс ауылының тұрғыны:

Мына мектеп қашан жөнделеді, білмеймін. Балаларға қиын болды. Қазір міне ескі ауыл дегенге кішкентай мектепте оқып жатыр. Көктем кезі көше деген су. Батпақ. Барып келу қиын.

Мектепті толық жөндеу үшін қанаша қаржы қажет екенін және ол қашан бөлінетінін білім бөлімінің басышыса да нақты айта алмай отыр.

Сәуле Алагөзова, қалалық білім бөлімінің басшасы:

Барлық техникалық қажетті жұмыстар жүргізгеннен кейін, барлық жөндеу жұмыстарының көлемі сол кезде ғана белгілі болады. Қандай мерзім алады?Қандай қаражат кету керек екені сол кезде ғана белгілі болады.

Әзірше белгілісі жөндеу жұмысының жобасын жасауға 10 миллион теңге бөлінген.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу