«AMANAT» партиясы өңірлерге сапарын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы өңірлерге сапарын бастады

07.04.2022

«AMANAT» партиясының өкілдері өңірлердегі кездесулерін Түркістан облысынан бастады. Халықпен жүздесуде Президент тапсырмасына сәйкес, саяси құрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Сауран ауданында бірқатар ауылдық округтердің жаңадан сайланған әкімдерімен де кездесті. Шорнақ ауылының тұрғындары жол мәселесін көтерді. Атқарушы хатшы мәслихаттағы фракцияға алдағы сессияда қаражат бөлу мәселесін қарап, жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауды тапсырды.

Асхат Оралов ,«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы: 

Осында міне10-нан аса,15 шақты ауыл округтарының әкімдері қатысып отыр. «AMANAT» партиясының толық мүшелері. «AMANAT»-қа адал болып, үлкен жауапкершілікті сапалы, абыроймен іске асырсақ, сонда қолымыздан 00.18+00.20 бірге болсақ онда «Жаңа Қазақстанды» құруға болады.

Farab кітапханасында өңірдің мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтіп, рухани құндылықтарды, ұлттық мәдениет пен өнерді сақтау мәселелері талқыланды. Мұндағы шығармашылық ұжымдар мен түрлі жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігі айтылды. Жастармен де ой-пікір алмасуға мүмкіндік болды. Жыл басынан аймақтағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 4 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмысқа орналасу мен денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер көтерілген. Ал наурыздан бері мобильді қоғамдық қабылдаулар ең шалғай ауылдарды аралауды бастады.

Бекжігіт Сердәлi, Сауран ауданының тұрғыны:

"AMANAT" партиясының бағыты бізге ұнайды. Жастар келіп жатыр. Біздің өзімізде де облыстық партияда кілең жастар. Белсенді жұмыс жасап жатыр. Біз қуанамыз. Қай кезде де орта буын көмектесуге дайынбыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу