Ал сарапшылар доллар әлемдегі негізгі валюта ретіндегі рөлінен айырыла бастады дейді. Тіпті бұл туралы АҚШ тың Нуриэль Рубини, Джозеф Стиглец секілді атақты экономист ғалымдары да жазып жатыр. Бұған қазіргі геосаяси жағдай түрткі болды. Мәселен Қытай Ресей тауарын долларға емес, юаньға сатып ала бастады. Сауд Арабиясы да мұнайын аспан асты еліне юаньға сататынын айтқан. Бұл доллардан кейін резерфтік валюта ретінде тұрған франк, фунт стерлинг, иена, еуро және юань секілді валюталарға жол ашады дейді сарапшылар. Яғни әр ел өз валютасында сауда жүргізсе, дедолларизация іске асатынын айтып отыр. Бұл теңгеге де оң әсер етері сөзсіз. Десе де ол үшін уақыт қажет.
Мақсат Халық, экономист:
Доллардың күні дәл ертең бітеді дегенге сену қиын. Өйткені оның артында НАТО дейтін үлкен күш тұр. Сондықтан қазір құриды деуге негіз жоқ. Бірақ дей тұрғанымен, ерте ме кешпе оның да күні бітеді.
Досжан Маратұлы