Маңғыстау облысы Сарға ауылында осыдан 5 жыл бұрын құрылысы басталып, аяқсыз қалған су станциясы қайта салынбақ. Бірақ, жобаның биыл іске қосылуы екіталай. Себебі, бюджеттен қайта қаржы сұралып, мердігер анықталуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Сарғалықтардың жанайқайын былтыр жазда көрсеткен болатынбыз. 1700-ге жуық тұрғын әлі күнге техникалық су тұтынып отыр. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жобаны қолға алған жеке компания құрылысқа бюджеттен 427 млн теңге алған. Қазір жауапты тұлғалардың іс-әрекеттері сотта қаралып жатыр. Мердігер 203 млн теңгені бюджетке қайтарған. Ал, тоқтап қалған құрылыстың жәй-күйі жуырда анықталады.