Батыс Қазақстанда жол сапасы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жол сапасы сын көтермейді

07.04.2022

Ел аумағындағы ең нашар жол Батыс Қазақстан облысында. Казталов, Жәнібек және Бөкей Орда аудандарының тұрғындары облыс орталығына бару үшін 14 сағат жол азабын тартады. Бұл бағыттардан көктем-күз айларында көлікпен жүру қиямет-қайым. Сенат депутаты жұрттың сабырын тауысып болған мәселе туралы Премьер-министрге сауал жолдады. Аталған аудандардың орталықпен қатынасын тез арада шешуді 3 жыл бұрын Президент тапсырған. Бірақ, орындалған жоқ. «Казталов-Жәнібек-Ресей» және «Бисен-Өнеге-Сайхын» жолының жалпы ұзындығы - 248 шақырым. Соның тек 3 жылда 55 шақырымы ғана салынған. Құрылыстың баяу жүруіне – толық қаржыландырылмауы, құрылыс материалдарының қымбаттауы және инертті материалдармен қамтуда жүк вагондарының тапшылығы кері әсер етіп отыр.



Хабарламаларға жазылу