Путиннің қыздарына санкция жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путиннің қыздарына санкция жарияланды

07.04.2022

АҚШ Ресей президенті Владимир Путиннің екі қызына қарсы санкция жариялады.

Вашингтонның мәлімдеуінше, өйткені Катерина мен Мария әкесінің байлығын жасырып отыруы мүмкін. Сонымен қатар, сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың да әйелі мен қызына санкция салынған. Бұл жазалау шаралары Украинаның Буча қаласында бейбіт халық қырылғаннан кейін қабылданып отыр.

Алайда, Мәскеу ол оқиғаға Ресей армиясының қатысы жоқ деп айтып отыр. Және де Құрама Штаттар Ресейдің «Сбер» және «Альфа-банктерін» толық бұғаттайтын санкция жариялап, бұл мемлекетке қарсы экономикалық қысымды әрі қарай күшейтетінін ескертті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу