Ірі интернет-операторлардың монополиясы жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі интернет-операторлардың монополиясы жойылады

07.04.2022

Бұдан былай жаңа тұрғын үйлерді салуға және пайдалануға берілген кезде ірі интернет байланыс операторлары қатыспайды. Монополияны алып тастау көзделіп отыр. Өйткені, құрылыс салушылар жаңа тұрғын үйлерді интернетке қосуға басқа операторларды тартпайды. Сол себептен тұрғындарға телекоммуникация қызметін таңдау шектелген. Осыны өзгерту үшін тұрғын үйлерді салу кезінде бірнеше байланыс операторын тарту қамтамасыз етілетін норма қабылданады. Бұдан бөлек интернет-байланыс жүйелерін тарту инженерлік желілердегідей, дайын объектілерді тапсыру кезінде міндеттеледі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұл мәселелерді экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында көтерді. Әрі индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне бір апта ішінде комиссия қарауына жаңартылған ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу