Қазақстан Абу-Дабимен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Сондай-ақ екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтың даму перспективаларын талқылады. Саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге екі жақ та ниетті. Қазақстан Президенті Абу-Дабидің Тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.
Асима Нұрбайқызы