Елімізде азық-түлік тауарларының 29 түрі бойынша баланс жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде азық-түлік тауарларының 29 түрі бойынша баланс жасалған

06.04.2022

Елімізде азық-түлік тауарларының 29 түрі бойынша баланс жасалған. Оның ішінде 19-ы әлеуметтік маңызы бар тауарлар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Ведомство басшысы отандық өндірістің көлемін арттыру бойынша жұмыстар ширап келе жатқандығын айтты. Былтыр бұл көрсеткіш шамамен 2 пайызға артқан. Сонымен қатар, биыл 35 тауарлы сүт фермасын іске қосу мен алма бақтары алқаптарын ұлғайту жоспарда бар. Мал және құс етінің өндірісін ұлғайту бойынша да тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Жалпы қазір елімізде әлеуметтік маңызы бар 19 тауыр түрінің 1 млн тонна қоры бар деді министр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу