Қарағандыда үйлердің ауласы мен жертөлесін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда үйлердің ауласы мен жертөлесін су басты

06.04.2022

Қарағандыда еріген қар суының құрсауында қалған 3 көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір бұл маңда су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар бұл баспаналар бұрынғы Бұқпа өзені сағасында салынған деп отыр. Салдарынан күн күрт ысыған кезде су дәл осы маңға лап қойған. Қазір аталған үйлерде электр тұйықталуын болдырмау мақсатында ток толық өшірілген. Мұнда 36 пәтер бар. 23 пәтер тұрғыны қонақ үйге орналастырылған. Қалғандары туыстарына кетіпті. Қазір көпқабатты үйлер толық күзетуге алынған.

Ермағамбет Бөлекпаев, Қарағанды қаласының әкімі:
Эвакуацияны өзіміз әдейі жасаттық. Қазір жертөледегі суды сорғызудың қажеті жоқ, онда су ағып жатыр. Егер оны сорғызсақта шықпайды. Оны таңертең 8-де кездескен кезде де түсіндіріп айттық, келісті. Қазір біздің бірінші мақсат суды өткізу басқа су өткізетін вариант жоқ. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасаймыз. 

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу