Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі азайып келеді

06.04.2022

Былтыр көрсеткіш 4,9 пайызға түсті. Яғни, 450 мың адамға кеміген. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6 пайызға артқан еді. Алайда, қала мен ауылдағы жұмыссыздар санында әлі айырмашылық көп. Қалаларда жыл басында 5 пайызды көрсетсе, ал ауылдарда бір жылда сәл кеміген. Өңірлер арасында Түркістан облысы мен Алматы көш бастап тұр. Аймақтардағы жұмыссыздық көрсеткіші - 5,1 пайыз. Одан кейін Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысы - 5 пайыз. Ал ең төменгі көрсеткіш елорда мен Қарағанды облысында – 4,6 пайыз.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу