Деркөл өзеніндегі су деңгейі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Деркөл өзеніндегі су деңгейі көтерілді

06.04.2022

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданын тасқын су басу қаупі сейілмей тұр. Деркөл өзеніндегі су деңгейінің қауіпті шегі - 520 сантиметр болса, қазір су 444 сантиметрге дейін көтерілген. Жағдай бірқалыпты, дегенмен босаңсуға болмайды, дейді төтенше жағдай мамандары. Жалпы бүгінге дейін Орал қаласы мен өзге аудандардан 120 мың текше метр қарғын су сорылған. Соңғы тәуліктерде облыстық маңызы бар Федоров-Ақсай, Жәнібек-Талов және Казталов ауданындағы Қошанкөл-Қараоба жолын су басты. Бұған дейін Шыңғырлау ауданындағы су шайып кеткен 10 жол бөлігі бақылауда. Алмаз ауылына кіреберіс жолда бұзылған көпір қалпына келтіріліп жатыр. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу