Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаушыларға тосқауыл болмай тұр. Қазір балықтардың уылдырық шашатын кезі. Сондықтан 20-шы мамырға дейін оны аулауға тыйым салынған. Алайда бұл талаптарға браконьерлер бағынбай отыр. Рейдтік шаралар жүргізу кезінде жергілікті тұрғындардың әсіресе түнгі уақытта ау салатыны анықталған. Нәтижесінде заңбұзушыларға қатысты 65 әкімшілік хаттама толтырылып, 7 қылмыстық іс қозғалған. Келтірілген шығын көлемі 4,5 млн теңгені құраған. Инспекторлар болса, халық заңды дұрыс білмегендіктен жиі заңбұзушылыққа барады дейді. Сондай-ақ, су қорықшыларының браконьерлермен тамыр-таныс болуы да себеп болып жатады.
Айнұр Ақбаева