Ресей тактикасын өзгертуді жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей тактикасын өзгертуді жоспарлап отыр

05.04.2022

Осы аптада Украинаға ЕуроОдақтың жоғары лауазымды шенеуніктері барады. BBC-дің хабарлауынша, Еурокомисссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық Одақтың бас дипломаты Жозеп Боррель президент Владимир Зеленскиймен кездеседі. Кейін саясаткерлер Варшавада Украинаны қолдауға арнаған шараға қатыспақ.

Соңғы деректерге сай, Ресей Украинадағы тактикасын өзгертіп, ондаған мың жауынгерін елдің оңтүстігі мен шығысына көшіруді жоспарлап отырған тәрізді. Мұны АҚШ президенті Джо Байденнің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді. Бұл өзгерістің мақсаты – Украина армиясын қоршап алып, оған тойтарыс беру, - дейді Салливан.

Осыған дейін Ресей қорғаныс министрлігі енді бар күшті Донбассты «азат етуге» жұмсайтынын жариялағаны белгілі.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Ресей қарулы күштері Донецк және Луганск облысын ғана емес, Қырымды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін Херсонды да алуды көздеп отырған сияқты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу