Ұлттық сараптамалық алаң құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық сараптамалық алаң құрылды

05.04.2022

Ұлттық сараптамалық алаң қоғамның пікірін билікке жеткізеді. Осылай деген Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары алғашқы жиынын өткізді. Институт директоры Еркін Тұқымов «Ғылым. Пікір. Саясат» жобасы тәуелсіз талқылау жүргізетін ашық алаңға айналатынын жеткізді. Сарапшылар алдағы уақытта өңірлердегі қоғам белсенділерімен ашық талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Еркін Тұқымов, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры: 
Келесі кездесуді Алматы қаласында өткіземіз. Одан кейін Петропавл, Ақтау, Өскемен қалаларына барамыз. Мақсат – аймақтағы тұрғындардың мәселесін тыңдап, жағдайға баға беріп, саралап, билікке жеткізу. 


Хабарламаларға жазылу