Әлихан Смайылов шетелдегі капиталды елге қайтару мәселелерін талқыға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов шетелдегі капиталды елге қайтару мәселелерін талқыға салды

05.04.2022

Шетелдегі капиталды елге қайтару мәселелері талқыға салынып, шектеу шараларын енгізу мақсатында арнайы комиссия тобы құрылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов кеңес өткізіп, тиісті ұсыныстарды тыңдады. Мәселен, ынталандыру шараларының бірі – келіп түскен валюталық түсімнің 80% айырбас жасалған жағдайда, қайтаруға ұсынылған қосымша құн салығы сомаларын оңайлатылған тәртіппен өтеу. Сондай-ақ азаматтығы жоқ тұрғындарға дивидендтер төлеу кезінде салықтық жеңілдік жасалмауы мүмкін. Одан бөлек, салықтық әкімшілендіруді күшейту бойынша да шаралар пысықталып жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, тиісті ұсыныстар Мемлекет басшысының атына жолданады.


Хабарламаларға жазылу