Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, жұмысшылар жағдайы басты назарда. Биылдан бастап Шалқар-Бейнеу учаскесінде 51 пункт салынады. Бірақ, арнайы киімге қатысты арыз-шағым бойынша тексеру жүргізіледі, - дейді басшылар.
Дархан Түкенов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясы адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері:
Жалақы мәселесіне келсек, биылғы 1-ші қаңтардан бастап өндірістік персоналдың айлығын жоғарылату үшін 70 млрд теңге жұмсалды. Қазіргі уақытта ҚТЖ бойынша орташа айлық 273 мың теңге. Арнайы киіммен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тексеру жүргізіледі.
Берік Көшербай