Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, қамауға алынды

04.04.2022

Қайрат Сатыбалдыға қарасты компаниялардың жетекшілері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі хабарлады. Тергеу барысында ақша жымқырудың қосымша фактілері анықталған. Дәлірек айтсақ, теміржол желілеріне қатысты заңсыздықтар әшкереленген. Ұсталған 2 басшы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың көмегімен ірі кәсіпорындар үшін кірме жолдардың тарифін негізсіз көтеріп, миллиардтаған табыс тапқан. Қазір олар қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, Қайрат Сатыбалды наурыздың ортасында Алматы әуежайында ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Олжас Бектенов оның Дубайға кетпек болғанын растады.


Хабарламаларға жазылу