Еліміздің мәдени мұра байлығы фильмдерде, кітаптарда, пьесаларда көрініс тапқан жоқ.
Мәдени салада осы тектес кемшіліктер баршылық. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында мәдени саясат тұжырымдамасы түзілді.
Бүгін сала мамандары маңызды құжатты талқыға салды.
Қазіргі уақытта ұлттық-рухани құндылықты бейнелейтін заманауи өнер туындылары тым аз.
Тың шығармалар дүниеге келу үшін алдымен білікті мамандар даярлау қажет.
Сондай-ақ, алдағы уақытта кино, анимация, цирк, концерттік және театр қызметтерінің деңгейі көтеріледі.
Дулат Исабеков, жазушы:
Ұлттық театрды, ұлттық киноны дамытудың концепциясы керек. Италияға барғанда, италиянша фильм түсіріп баратын болсақ, оны керек етпейді. Өзіміздің ұлттық бояуымыз керек. Ұлттық кино дегенді көп айтамыз, бірақ, оны қалай жасау керектігін әлі меңгере алмай келе жатқан сияқтымыз, анда-санда болмаса.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ