Солтүстік Қазақстан: Гидролог мамандар тәулігіне 4 рет өзен-көлдерде мониторинг жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан: Гидролог мамандар тәулігіне 4 рет өзен-көлдерде мониторинг жүргізеді

04.04.2022

Солтүстік Қазақстанда шағын өзендер арнасынан асып, таси бастады. Бүгін теріскейде күн күрт жылынған болатын. Төтенше жағдай қызметінің мамандары су қоймаларына жақын орналасқан елдімекендерге қауіп төніп тұрғанын жеткізді. 6 мың тұрғыны бар 85 елдімекен бақылауға алынды. Дегенмен үйлерді су басу, жолдарды шаю фактілері тіркелген жоқ. Гидролог мамандар тәулігіне 4 рет өзен-көлдерде мониторинг жүргізеді. Өңірде су деңгейін бақылайтын 19 бекет бар. Сергеев су қоймасы 76% толды. Кеше оның деңгейі 2 сантиметрге көтерілген еді. Былтыр осы кездегі көрсеткіш 85% болатын.

Наталия Левина, «Қазгидромет» АҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:
Тәулікте облыстағы су қоймаларының деңгейі орта есеппен 18-20 сантиметрге көтерілді. Дегенмен биыл жағдай қалыпты, су тасқыны жылдағы мөлшерден көп болмайды. Сәуірдің 6-8 күндері түнде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Бұл қардың еруін аздап тежейді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу