Солтүстік Қазақстанда шағын өзендер арнасынан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда шағын өзендер арнасынан асты

04.04.2022

Солтүстік Қазақстанға да су тасқыны қаупі төнді. Төтенше жағдай мамандары өзен-көлдерге жақын орналасқан елдімекендерге су кіруі мүмкін екенін ескертті.

Эльмира Кәленова, тілші:
Айыртау ауданындағы Бабық бұрлық және Ғ. Мүсірепов ауданындағы Ақан бұрлық өзендері арнасынан асып кетті. Күннің күрт жылынуынан қар еріп жатыр. Синоптиктердің болжамынша, бүгін солтүстікте ауа температурасы +18 градусқа дейін көтеріледі.
Роман Гиричев, «Қазгидромет» АҚ СҚО бойынша филиалының инженері:
Солтүстік Қазақстан облысындағы гидрологиялық жағдай 19 бекетте бақыланады. Оның 16-сы Есіл өзенінде орналасқан. Күн жылына бастағалы су деңгейін тәулігіне 4 рет тексереміз.

Покровка және Новоникольск ауылдарында да Есіл өзені деңгейінің көтерілгені байқалады. Сергеев су қоймасы 76% толды. Өткен жылғы осы кездегі көрсеткіш 85% болатын. Қауіпті аймақтарда орналасқан 6 мыңнан астам тұрғыны бар 85 елдімекен бақылауға алынды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу