Ұлттық кітапхана қорлары сандық форматқа көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кітапхана қорлары сандық форматқа көшеді

12.07.2014
Ұлттық кітапхана қорлары сандық форматқа көшеді

2020 жылға дейін Ұлттық кітапхана қорлары 100 пайыз сандық форматқа көшіріледі және туристік саланы дамытудың бес түрлі кластері құрылады. Бұл елдің мәдени саясатын дамытудың ұзақ мерзімді тұжырымдамасында қамтылған бастамалардың бір бөлігі ғана.

Бүгін мәдениет саласының бір топ майталмандары аталмыш тұжырымдаманың жобасын талқылады. Жалпы құжатта ұлттың «мәдени кодын» қалыптастыру термині жан-жақты қамтылған.

Оның аясында мұражайлар мен қорықтарды, әдебиет пен сәулет, театр, цирк және кино өндірісін дамытудың тетіктері тәтпіштеп жазылған. Құжатты келесі аптада қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер және театр саласындағы белгілі тұлғалар тағы қарастырады.

Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық мұражайының директоры:

Бұл тек мәдениет саласына ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті тұжырымдама. Халықаралық талаптарға жауап беретін деңгей жасау үшін осындай концепция қабылданса, ар жағында заңдық негіздер пайда болады және оның жұмыс істеуіне ықпал ететін болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу