Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылының көшелерін су басты. Салдарынан тұрғындардың жүріс-тұрысы қиындаған.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Күннің күрт жылынуы елорда іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылының тұрғындарын да әбігерге салды. Бірнеше көшені су басып, тіпті үйлерге кіруге шақ қалған. Төтенше жағдай салдарынан адам түгілі, көліктердің жүріс-тұрысы шектелген.
Азамат Мукушев, Қараөткел ауылдық округінің әкімі:
Төтенше жағдай департаментінің мамандары су сору жұмыстарына түннен бері кіріскен. Алайда үлгермей жатқан көрінеді.
Раушан Сайлауқызы